Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов алдағы ресми ойындар алдында команда құрамын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкерлер штабының назарына іліккен негізгі ойыншылардың бірі кеше ғана “Қайрат” қақпасына тамаша гол соғып, Суперкубокты басынан асырған "Тобылдың" капитаны Асхат Тағыберген.
Талғат Байсуфинов тәжірибелі жартылай қорғаушыны наурыз айында өтетін маңызды кездесулерге шақыру мүмкіндігін қарастыруда.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы халықаралық FIFA Series 2026 турниріне қатысады. Бұл дода аясында жерлестеріміз алғашқы кездесуін өткізеді:
• Қарсылас: Комор аралдары
• Уақыты: 25 наурыз