
Ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген футбол мансабын неге аяқтайтынын айтты.
- Солтүстік Македонияға қарсы өткен матч мен үшін ұлттық құрамадағы соңғы ойын болды. Бұл шешімді біз отбасымызбен бірге қабылдадық. Жастарға жол ашатын кез келді. Футбол әрқашан бәсекелестікке толы. Менің ойымша, жас тек төлқұжаттағы сан. Бірақ бүгін орынды босататын кез келді. Мен соңғы матчымды ұлттық құрамада өткіздім. Футбол мансабымды клуб деңгейінде жалғастырамын. Ұлттық құрамадағы әр матчты жүрегіммен өткіздім. "Астана Аренада" 30 мың жанкүйердің қолдауы ерекше есте қалады. Қолдау көрсеткендердің барлығына рахметімді айтамын”, – деді Асхат Тағыберген.
Айта кетейік, 34 жастағы футболшы 2014 жылдан бері ұлттық құрама сапында 65 ойынға қатысып, 3 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET