«Астана» 10 ойыншымен қалған «Ордабасыдан» жеңіліп қалды

13.07.2025, 22:04

Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турындағы орталық кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» мен турнир көшбасшысы «Астана» кездесті.

«Астана» 10 ойыншымен қалған «Ордабасыдан» жеңіліп қалды

Матч тартысты өткенімен, қауіпті сәттерге толы болмады. Екі команда да тең дәрежеде ойнап, қорғанысқа көп көңіл бөлді. 67-минутта алаңнан «Ордабасы» ойыншысы Зикрилло Султаниязов алаңнан қуылып кетті. Бірақ «Астана» артықшылықты пайдалана алмады.

Керісінше шымкенттіктер сапынан 85-минутта Эвертон Мораес  матчтағы жалғыз әрі жеңіс добын соғып кетті.

Бұл нәтижеден кейін «Астананың» еншісінде 37 ұпаймен турнир кестесіндегі бірінші орынын сақтап қалды. Ал «Ордабасы» 23 ұпаймен жетінші орында тұр.

«Ордабасы» — «Астана» 1:0 (0:0)

Гол: Эвертон Мораес, 85 минут

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×