Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Онда "Спартак/Астана" жұбы "Мариехаман/Легия" жұбына қарсылас атанды. 3 іріктеу кезеңінде шамасы елордалық "Астана" Польшаның "Легиясымен ойнайды-ау. Себебі, алғашқы ойында "Легия" Финляндия чемпионын 3:0 есебімен сырт алаңда ұтып тастаған болатын. Өткен жылы "Мадридтің "Реалымен" бір топта өнер көрсеткен "Легия" елордалықтар үшін тегеурінді қарсылас болары анық.
Айта кетейік, бұл командалар осыған дейін кездескен жоқ. "Легия" кезінде "Ақтөбе" командасын айналып өткені бар еді. Ал мынау бейнеде сіздер өткен жылғы маусымда "Реалға" қарсы тең ойнап берген "Легияның" ойынынан үзінді тамашалай аласыздар.
https://youtu.be/aDfdOTyZGgE