Премьер лиганың 25-турындағы басты кездесу елордада өтіп, жанкүйерлерге нағыз футбол мерекесін сыйлады. "Астана" өз алаңында басты қарсыласы "Ақтөбені" 5:3 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық мүмкіндігін сақтап қалды.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қарқын жоғары болды. Джеффри Чинеду 10-минутта есеп ашып, көп ұзамай 34 және 50-минуттарда хет-трик жасады. Оның үстіне Усман Камара (21-мин.) мен Назми Грипши (34-мин., пенальти) өз үлестерін қосып, "Астанаға” зор басымдық әкелді.
"Ақтөбе” де оңай берілген жоқ. "Қызыл-ақтар" сапынан Жайро Жан (13-мин.), Даниэль Соса (40-мин.) және Артур Шушеначев (62-мин.) гол соғып, есепті қысқартуға тырысты. Алайда Астаналықтардың шабуылы тым қарқынды болды.
Кездесуде тартыс пен эмоция ерекше байқалды. Төреші жалпы сегіз ойыншыға ескерту берді.
"Астана" сапынан: Дмитрий Шомко (16), Карло Бартолец (20), Марат Быстров (76), Дритон Цамай (87).
"Ақтөбе": Багдат Каиров (45+1), Алибек Қасым (49), Аян Байдавлетов (71), Даниэль Соса (77).
“Астана” осылайша 56-шы ұпайын еншілеп, “Қайраттан” екі ұпайға қалып келеді. Чемпиондықтың тағдыры соңғы турда шешілмек.