«Астана» Абат Айымбетовтің бұрынғы командасынан жеңілді

10.02.2022, 00:52
Абат бұл матчта гол соқты.
«Астана» Абат Айымбетовтің бұрынғы командасынан жеңілді

«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Крылья Советов» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Елордалық клуб сапында Абат Айымбетов мергендігімен көзге түсті.

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва, Артем Рахманов, Даниил Бескоровайный, Камо Оганесян – Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Юрий Перцух – Педро Эуженио, Марин Томасов, Абат Айымбетов

Қосалқы құрам: Александр Заруцкий (қ) - Бауыржан Ахаев, Талғат Құсяпов, Елдос Ахметов, Рахат Маратов, Санжар Шураханов - Мейрамбек Қалмырза, Сұлтан Сагнаев - Станислав Басманов

Ресей Премьер-лигасының ағымдағы маусымында «Крылья Советов» 27 ұпаймен сегізінші орында тұр.

Срджан Благоевич шәкірттері келесі кездесуін 13 ақпанда украиналық «Ингулец» командасына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×