«Астана» Абат Айымбетовтың тағдырына қатысты шешім қабылдады

02.02.2023, 21:32
«Астана» Абат Айымбетовтың тағдырына қатысты шешім қабылдады


Елордалық ұжым шабуылшының көмегіне жүгінеді. Ол командада қала бермек.

Абат "Астананың" Түркиядағы жаттығуын жалғастырып жатыр.

"Ақтөбе" футболының түлегі өткен маусымда 9 гол салып, ерекшеленген болатын. Ұлттар Лигасында ол барлығы 3 гол салды.  

Қысқы трансферлік ауысымда шабуылшы "Родина" командасына ауысудан бас тартты. РПЛ үмітті клуб қазақстандыққа ұсыныс жасаған болатын.

Түркияда жүрген "Астана" "Бухара" (5 ақпан), "Ворскла" (8 ақпан), "Дила Гори" (11 ақпан), "Химки" (17 ақпан) командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×