Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 25 маусымда «Астана» жазғы трансферлік терезедегі алғашқы ойыншысымен келісім-шартқа отырады.
Албаниялық «Партизанның» қорғаушысы Энео Битри 24 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында медициналық тексерістен сәтті өтті және жұма күні «Астананың» ойыншысы ретінде таныстырылады. Ол испаниялық «Кадиске» кеткен Вараздат Ароянды алмастыратын болады.
«Астана» 24 жастағы орталық қорғаушы үшін таласта «Ференцвароштан» басым түсті. Венгриялық клуб та Битриді де мұқият қадағалады, бірақ олар Энеоға орталық қорғаушыларының бірі кеткеннен кейін ғана келісім-шарт ұсынбақ болды.
Осылайша, «Астана» Албания құрамасына үміткер ойыншыны Қазақстанға келуге көндірді. Ол елордалық клубқа еркін агент ретінде қосылады. Айтпақшы, Ароянның «Астананың» ойыншысы бола отырып, «Кадистен» шақырту алуы, өзін мықты чемпионатта сынап көруді армандайтын Битридің шешіміне де оң әсер етті.
Біздің серіктес: FONBET