«Астана» 21 жастағы украиналық қорғаушы Даниил Бескоровайныйды жалға алды, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.
Бескоровайный – Украина футболының түлегі. Өз елінде «Луцк», «Волынь» және «Ковель-Волынь» сынды бірқатар командаларда өнер көрсеткен.
Даниилдің соңғы командасы словакиялық «ДАК 1904» клубы болды. Бұл командада 62 ойын өткізіп, 4 гол салған. 2019 жылы Украина U20 құрамасымен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ Украинаның халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып саналады.
Айта кетейік, ойыншыны словакиялық ұжымнан жалға алу мерзімі сатып алу құқығымен маусым соңына дейін есептелген.
Біздің серіктес: FONBET