Кешегі өткен матч кезінде Бельгиялық клубтың үш жанкүйері елді елең еткізген ерсі қылық көрсетті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Олар көпшіліктің көзінше киімдерін шешіп, "Борат” фильміндегі атышулы жасыл түсті су киімдерімен көрінген.
Бұл әрекет қоршаған ортаға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағаланды. Match KZ мәліметінше Полиция қызметкерлері дөрекі қылық көрсеткен ер адамдарды бірден ұстап, бөлімшеге жеткізген.
Аталған азаматтарға қатысты екі бірдей құқық бұзушылық бойынша іс қозғалған екен.
Қоғамдық орында мас күйінде болу және Ұсақ бұзақылық жасау.
Қазіргі уақытта әкімшілік өндіріс басталып, жиналған материалдар түпкілікті шешім шығару үшін сотқа жолданды. Енді Бельгиялық "Бораттардың” бұл қылығы үшін қандай жаза арқалайтынын сот анықтайтын болады.