“Астана Аренаға” ағылуды – Неге Павлодарда футбол ойнау мүмкін емес?

Бүгін, 20:11

Бір емес, бірнеше клубқа пана болған елордалық бас стадионға тағы бір команда қосылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Астана Аренаға” ағылуды – Неге Павлодарда футбол ойнау мүмкін емес?

Sports24.kz мәліметінше, Павлодарлық “Ертіс” мамыр айынан бастап өз үйіндегі ойындарын Астанада өткізеді.

Павлодарлық жанкүйерлердің өз командасын өз қаласында тамашалау мүмкіндігі уақытша шектелді. Көштің басты себебі — “Орталық” стадиондағы жөндеу жұмыстары. Қазіргі таңда ондағы ескірген жасанды көгалды заманауи төсенішке ауыстыру процесі жүріп жатыр. Ойыншылардың денсаулығы мен футбол сапасы үшін бұл — амалсыз жасалған қадам.

Айта кетейік, “Астана Арена” жақында ғана ауқымды реконструкциядан өтті. Мемлекет қазынасынан стадионды жаңартуға 15 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген болатын. Алайда, қазір стадионның кестесі тығыз. Елордалық “Астана” мен “Жеңіс” тұрақты ойнап жатыр. Семейдің “Елімай” клубы өз алаңы дайын болмағандықтан, әлі де осында өнер көрсетуде. Енді олардың қатарына “Ертіс” қосылды.

Төрт бірдей клубтың бір стадионда өнер көрсетуі мамандар арасында алаңдаушылық туғызып отыр. Күн сайынғы жаттығулар мен аптасына бірнеше рет өтетін ресми матчтар жаңадан төселген қымбат көгалдың тозуына әкеп соқпай ма?

Павлодарлық клубтың елордаға келуі — “Астана Аренаның” нағыз сынақ мерзімі болмақ. Ал Павлодарлық жанкүйерлерге сүйікті командасына қолдау көрсету үшін енді бірнеше жүз шақырымды еңсеруге тура келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×