«Астана» «Ариспен» өткен алғашқы матчта жеңіске жетті

Матч тағдырын Марин Томасов шешті.

«Астана» «Ариспен» өткен алғашқы матчта жеңіске жетті

"Астана" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде грекиялық "Аристен" басым түсті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 24-минутында Тигран Барсегяннан пас алған Марин Томасов сол аяғымен айып алаңының сыртынан дәл соққы бағыттап, командасын алға шығарды. Ал 71-минутта хорватиялық футболшы Абзал Бейсебековтің сол қапталдан асырған пасын ұтымды пайдаланып, есепті еселеді. Кездесудің 76-минутында Лука Шимунович екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды

Жауапты матч 30 шілде күні Грекияда өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30-да басталады.

0 пікір