«Астана» Армения құрамасының ойыншысын қатарға қосты

11.08.2020, 14:46
«Астана» Армения құрамасының ойыншысын қатарға қосты

Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Соломон Удо мансабын Қазақстанда жалғастырады. 

Armsport.am хабарлауынша, 25 жастағы футболшы "Астана" сапына ауысады. Елордалық клубқа ол еркін агент ретінде ауыспақ. 

Удоның соңғы клубы армениялық "Ширак" командасы болды. Ол биылғы маусымда 19 кездесуге қатысып, екі гол және бес нәтижелі пас берген. Оның командамен келісімшарты маусым айында аяқталған. 

Армения азаматтығы бар Удо Қазақстан біріншілігінде легионер болып саналмайды. Жартылай қорғаушы Арменияда 2015 жылдан бері ойнап келеді. Оған дейін ол бельгиялық "Эйпен" және сенегалдық "Эспайр" командаларының намысын қорғаған. 

Маусым айында Армения футбол федерациясы Удоның азаматтық алып, құрама сапында ойнайтынын айтты. Армения сапындағы алғашқы кездесуін ол күзде өткізуі керек. 

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" командасы сербиялық қорғаушы Урош Радаковичті қатарға қосқан еді. Сербиялық ойыншыны елордалық команда жалға алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×