«Астана» футбол клубы Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесянмен келісім-шарт жасасты.
Камо Оганесян футболдағы мансабын өз отанында, дәлірек айтқанда Ереванда бастаған. Қорғаушы «Пюник» құрамында екі жүзден астам матч өткізіп, 33 гол соғып, 25 рет нәтижелі пас шығарған және 2 рет Армения чемпионы атанды. Ал 2017 жылы «Торпедо-БелАЗ» клубына өтіп, Белорусь чемпионатында өнер көрсетті.
Талдықорғандық «Жетісуға» 2018 жылы қосылған Камо өзін жақсы қырынан көрсетіп, 2020 жылы «Қайрат» ойыншысы атанады. Алматылық клубпен Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды.