«Астана» Армения құрамасының жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда

02.06.2021, 16:32
«Астананың» дәл қазіргі сәтте трансфер жасайтындай қаржысы жоқ.
«Астана» Армения құрамасының жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда

Жақында Армения құрамасына шақырту алған «Алашкерттің» жартылай қорғаушысы Давид Давидян «Астана» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport24 басылымы.

«Алашкерт» құрамында Давидян өткен маусымда Армения чемпионы болды, 19 матч өткізіп, 5 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Жақында 23 жастағы Давидян Армения құрамасына Хорватия және Швециямен болатын жолдастық матчтарға шақыртылды, бірақ Армения чемпионатының соңғы турында ол жеңіл жарақат алды.

Давидянның «Алашкертпен» келісім-шарты осы жылдың 2 тамызына дейін жасалған.

Давидян бұған дейін «Носта», мәскеулік «Арарат», еревандық «Арарат-Армения» және «Арарат» командаларында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×