«Астана» армениялық футболшымен толығуы ықтимал

09.02.2022, 02:27
Футболшы ресейлік клубтың негізгі құрамына іліге алмады.
«Астана» армениялық футболшымен толығуы ықтимал

«Сочидің» армениялық жартылай қорғаушысы Эрик Варданян мансабын «Астана» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Metaratings.ru.

Дереккөздің хабарлауынша, Эрик жақын күндері елордалық клубқа қосылуы керек.

«Эрик бұған дейін Қазақстанға барғысы келмеді. Оның «Сочидегі» жұмысы біткен жоқ, қазір мәселелер шешілуде, мен әлі ештеңе айта алмаймын», - деді Варданянның агенті Дмитрий Селюк.

Армениялық жартылай қорғаушы бұған дейін «Пюникте» жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. Ол «Сочиге» 2020 жылдың қаңтарында дәл сол «Пюниктен» 350 000 еуроға ауысып келген болатын. Бірақ ресейлік клубтың негізгі құрамына іліге алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×