
Бүгін Қуаныш Қабдолов үшін аса маңызды ойын - «Атырау» бас бапкерінің міндетін атқарушы болған қазақстандық маманның бірінші бәсекесі.
Бірақ, алғашқы сынағы үшін өте азулы қарсыластың тап келіп тұрғанын айтсаңыздаршы...
Григорий Бабаянның командасында мотивация жетерлік - турнирлік кестеде көш бастап тұрған елордалықтар өткен турда ойламаған жерден ұпай жоғалтқан (Тұранмен 1:1). Бүгін алаң иелерінің сол олқылықты жуып шаю үшін ерекше жігермен жасыл алаңға шығатыны түсінікті. «Атырау» қатарынан 5 кездесуде жеңілістен көз ашпай келген. Енді «Астана Аренада» ненің арқасында кезекті жеңілістен аман қалулары мүмкін? Қалай дегенде де қазір 19:00-де басталатын бәсеке «мұнайшылар» үшін де, бас бапкер міндетін атқарушы Қуаныш Қабдолов үшін де маңызды.
«Атырау» бірінші турда «Елімайды» ұтқан соң жеңіс тұрмақ бір ұпайдың өзіне зар болып келеді. Константин Горовенко өз еркімен кеткен соң ендігі жағдай қалай өрбитіні қызық әрі белгісіз. Қуаныш Кенжәліұлының «Каспийдегі» жақсы жұмыс істегені мәлім, бірақ ол не дегенмен Бірінші лига еді ғой. Ал мынау мүлде басқа деңгей.
Григорий Бабаян «Тұранмен» болған матчтан кейін елордалық команда футболшыларын сынға алып, ротация керектігін айтып еді. Бүгін «Астананың» негізгі құрамында біраз өзгеріс болып қалуы мүмкін.
Біздің болжам екі командада да гол салады. Fonbet.kz-те бұған 2.45 ккоэффициентімен бәс тігуге болады.
Біздің серіктес: FONBET