
«Тобыл Арена» алаңы
Қостанайдағы «Тобол Арена» манежінде биылғы көктемнің соңында жасанды көгал соңғы үлгідегі жабынға ауыстырылады.
Бұл толық өлшемді кешенде жасанды көгал бұған дейін жаңартылмаған. Ал ол 2019 жылы пайдалануға берілген еді.
Аталған алаңда «Тобыл» командасының негізгі және қосалқы құрамдары ғана емес, футбол орталығының тәрбиеленушілері, әуесқой футболшылар және медиалига командалары да жаттығып, ойын өткізеді.
Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) екінші турындағы «Қызылжар» - «Астана (0:2) арасындағы матчтан кейін елордалық команданың бас бапкері Григорий Бабаян алаңды сынап, ескерту жасаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET