«Астана» бас бапкерінің «Елімай» жанкүйерлеріне айтқан жауабы

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
26.09.2024, 16:28

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Лига кубогінің жартылай финалында «Елімаймен» ойында қызмет еткен төрешілердің жұмысы жайлы ойын айтты.

«Астана» бас бапкерінің «Елімай» жанкүйерлеріне айтқан жауабы
Григорий Бабаян "Астана" ФК бас бапкері

Матч соңындағы баспасөз-мәслихатына қатысқан маман, ойын барысында қазылар тарапынан екі жақты да қателіктер болғанын тілге тиек етті.  

«Біз әлі қайталауды көрмедік, алайда, біздің тарапымызға да, қарсылас жаққа да көптеген қателіктер жасалды. Сіз бұны басбұзарлық дейсіз бе? Ал сіз «Елімайға» қарсы Алматыда болған бәсеке туралы пікір білдірдіңіз бе? Әділетсіздік туралы айтып тұрсаңыз (Елімайдың қызмекеріне қарата айтты) мен төрешінің қателік жібергенін айттым, бірақ қайталауды әлі көрген жоқпыз. Ал жанкүйерлердің төреші жұмысына көңілі толмауы түсінікті жайт, өйткені олар «Елімайдың» жанкүйерлері ғой. Егер сіз сондай әділетті болсаңыз үшінші турдағы бірінші ойын жайлы пікіріңізді айтыңыз. Міне, сол ойында нағыз басбұзарлық болды», - деді елордалық клубтың бас бапкері.

Кеше  жартылай финалда «Астана» «Елімайды» ұтып, финалға шықты. Сондай-ақ, Лига кубогінің екінші жартылай финалдық кездесуінде «Жеңіс» «Қайраттан» айласын асырып, жарыстың ақтық сынына жолдама алған болатын. Енді Астананың қос командасы 24-қарашада өтетін финалда бас жүлдеге таласпақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×