«Астана» басшылығы бас бапкерді қызметінен босатпақ

31.08.2021, 20:27
Әлиевтің жетекшілігімен команда қатарынан сегіз матчта жеңіске жетті.
«Астана» басшылығы бас бапкерді қызметінен босатпақ

"Астана" жастар клубының бас бапкері Әли Әлиев командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл шешімді клубтың жаңа басшылығы қабылдады. Әлиев келгеннен кейін команда Қазақстанның Екінші лигасында қатарынан сегіз матчта жеңіске жеткен еді. Оның командасы бұл ойындарда 34 гол соғып, бес гол жіберіп алды.

40 жастағы маман өзінің жұмыстан кететіні туралы өткен аптаның басында білді. Осыдан кейін "Астана" бір кездесу өткізіп, "Жетісу" жастарынан 0:1 есебімен ұтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×