«Астана» футбол клубы Беларусь құрамасының 30 жастағы қорғаушысы Денис Поляковпен келісім-шартқа отырды.
Поляков кәсіби футболдағы алғашқы қадамын «Шахтер Солигорск» клубында жасаған, ал 2012 жылы БАТЭ командасына ауысты.
Денис аталмыш клубтың жейдесінде 200-ден астам матч өткізіп, 10 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды, сонымен қатар 7 мәрте чемпиондыққа қол жеткізген. Ал 2018 жылдың желтоқсанында ресейлік «Урал» командасына қосылды.
Поляков соңғы екі маусымды «Қайрат» құрамында өткізіп, Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын. Денис – әмбебап ойыншы, мансабында орталық қорғаушы позициясынан бөлек, қапталдағы қорғаушы, сондай-ақ тіреуіш жартылай қорғаушы болып та өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET