Беларуссия құрамасының қорғаушысы Николай Золотов "Астанаға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды tribuna.com.
Футболшы өткен аптада "Урал" клубымен қош айтысты. Ол мансабын өз елінен тыс жерде жалғастырғысы келеді. "Астана" - оның қызметіне қызығушылық танытқан клубтардың бірі.
Сондай-ақ, "Астана" Беларуссия құрамасының тағы бір ойыншысы - Макс Эбонгты сатқысы келетіні атап өтілді. Оның трансферлік құны құны - бір миллион доллар.
Золотов РПЛ-дің осы маусымында 8 матч өткізіп, 3 сары қағаз алды. Оның "Уралмен" келісімшарты аяқталды.
Біздің серіктес: FONBET