«Астана» Беларуссия құрамасының қорғаушысына қызығушылық танытуда

27.01.2021, 01:12
«Астананың» бюджеті айқындалмайынша, клуб ешкімді қатарға қоспайды.
«Астана» Беларуссия құрамасының қорғаушысына қызығушылық танытуда

Беларуссия құрамасының қорғаушысы Николай Золотов "Астанаға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды tribuna.com.

Футболшы өткен аптада "Урал" клубымен қош айтысты. Ол мансабын өз елінен тыс жерде жалғастырғысы келеді. "Астана" - оның қызметіне қызығушылық танытқан клубтардың бірі.

Сондай-ақ, "Астана" Беларуссия құрамасының тағы бір ойыншысы - Макс Эбонгты сатқысы келетіні атап өтілді. Оның трансферлік құны құны - бір миллион доллар.

Золотов РПЛ-дің осы маусымында 8 матч өткізіп, 3 сары қағаз алды. Оның "Уралмен" келісімшарты аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×