«Астана» бірінші таймның өзінде үш гол салып, үш ұпай еншіледі

27.09.2021, 23:55
«Астана» көш басында қала берді. Марин Томасов та бәсекелестерінен ұзап кетті.
«Астана» бірінші таймның өзінде үш гол салып, үш ұпай еншіледі

Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 22-турында "Астана" "Таразды" еш қиындықсыз жеңді. "Астана Аренада" өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Ойынның небәрі 2-минутында Марин Томасов айып алаңның сыртынан жерлете соққы жасап, есеп ашты. Ал 7-минутта Тигран Барсегян Валерий Чуаерканың пасынан кейін командасының басымдығын арттырды. 21-минутта Марин Томасов үшінші голды салып матчтың нүктесін қойды. Бұл жолы нәтижелі пасты Макс Эбонг өз атына жазды.

Кезекті рет жеңіс тойын тойлаған Андрей Тихонов шәкірттері 50 ұпаймен алғашқы орында тұр. 25 ұпайы бар жамбылдық клуб он бірінші орыннан тапжылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×