«Астана» Черногория құрамасының шабуылшысымен қош айтыспақ

30.10.2021, 16:12
Оның келісім-шарты желтоқсан айында аяқталады.
«Астана» Черногория құрамасының шабуылшысымен қош айтыспақ

"Астана" шабуылшысы Фатос Бечирай маусым соңында командадан кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Клуб тәжірибелі ойыншыны командада қалдыруды жоспарлап отырған жоқ.

Черногориялық шабуылшы "Астанаға" осы жылдың жазында қосылды. Фатос Конференция лигасының іріктеу кезеңінде төрт матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді. Ал Премьер-лигада алты матч өткізіп, екі гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

33 жастағы шабуылшы Черногория құрамасы сапында Бечирай 83 ойын өткізіп, 14 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×