«Астана» черногориялық қорғаушыны керек қылмады

10.01.2022, 17:02
Қорғаушы жалақысын қысқартуға дайын болған екен.
«Астана» черногориялық қорғаушыны керек қылмады

Елордалық «Астана» черногориялық футболшы Жарко Томашевичтен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қорғаушы жалақысын 50 пайызға дейін қысқартуға дайын болған, бірақ елордалық клуб оның орнына басқа ойыншы іздеуде.

Черногория құрамасының футболшысы «Астанаға» 2019 жылы қосылды. Содан бері 46 ойынға қатысып, 4 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Елордалық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды және ел біріншілігінің күміс, қола жүлделеріне ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×