Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Астана" клубы Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодовпен келісім-шартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқ.
33 жастағы қақпашы желтоқсанда еркін агент атанады. Непогодов тамыз айында Конференция лигасындағы сәтсіздіктен кейін өз орнын Александр Заруцкийге беріп, негізгі қақпашы мәртебесінен айырылып қалды және Қазақстан құрамасына да шақыртылмай жүр.
Қақпашының агенттері қазірдің өзінде "Ақтөбе" және "Тобылмен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Ол мансабын осы клубтардың бірінде жалғастыруы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET