Қазақстан Премьер-Лигасының кейінге шегерілген 19-тур матчы аясында елордадағы «Астана» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.
Алғашқы таймда алаң иелері Александр Марочкин (19-минут) мен Макс Эбонгтың (21) голдары арқасында алға шықты. Қонақтар сапынан Нұрдәулет Ағзамбаев (38) есепті қысқартқанымен, үзілістен кейін астаналықтар басымдығын еселей түсті.
Екінші таймда Усман Камара (54), Назми Грипши (57) және Марин Томасов (61, пенальти) мергендік танытып, кездесудің нүктесін қойды.
Осы жеңістің арқасында «Астана» 46 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал «Қайсар» 19 ұпаймен 11-сатыда қалып отыр.
«Астана» — «Қайсар» 5:1 (2:1)
Голдар: Марочкин 19 (1:0), Эбонг 21 (2:0), Ағзамбаев 38 (2:1), Камара 54 (3:1), Грипши 57 (4:1), Томасов (пенальти) 61 (5:1).