«Астана» еурокубок матчтарын Алматыда өткізеді

31.07.2020, 23:09
Бұл жылы еурокубоктың іріктеу ойындары тек бір матч негізінде ойналады.
«Астана» еурокубок матчтарын Алматыда өткізеді

Қазақстан чемпионы "Астана" Алматыдағы Орталық стадионынды еуропалық жарыстарда ойнайтын үй алаңы деп жариялады.

«Астана Арена» халықаралық ойындарға әлі дайын емес болғандықтан, клуб басшылығы еуропалық жарыстарда өздерінің ең басты бәсекелесінің алаңында ойнауды шешті.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жаңа форматын ескере отырып, олар Орталық стадионда ойнай алмауы әбден мүмкін. Егер Қазақстанның ең мықты клубы турнирлердің бірінде топтық кезеңге түссе, онда алаңды өзгерту мүмкіндігі болады, өйткені сол уақытқа дейін «Астана Арена» жоғары деңгейдегі матчтарды қабылдауға дайын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×