Черногоияның «Будучность» клубы «Астана» командасымен болатын кездесу орнын ауыстырды.
Черногория клубы УЕФА-ға хат жолдап, онда Еуропа лигасының матчын Қостанайда өткізу орынсыз екендігін айтып, өз дәлелдерін көрсетті. Белгілі болғандай, бұл қаланың әуежайы 20:00-ден кейін халықаралық рейстерді қабылдап, жібере алмайды. Ал қонақүйлер деңгейі черногориялықтарға сәйкес келмеді.
Осыдан кейін «Астана» басшылығы матчты Алматыдағы орталық стадионда өткізу туралы келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Сонымен, 17 қыркүйекте командалар Алматы қаласындағы Орталық стадионында ойнайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET