“Астана” ФК легионері Иван Башич Қазақстанда тағы бір маусым қалмақшы

23 жастағы босниялық елордалық клубпен жаңа маусымда чемпиондыққа таласпақшы.

“Астана” ФК легионері Иван Башич Қазақстанда тағы бір маусым қалмақшы

Иван 2025 жылдың жаз айында ресейлік “Оренбургтен” “Астанаға” еркін агент ретінде ауысып келген болатын. Содан ол ішкі чемпионатта 10 ойын өткізіп, өз командаластарына 3 голдық пас берді. Одан тағысы, босниялық елордалық клубтың еурокубоктегі 4 кездесуінде 2 гол соғып, 1 голдық пас берді. 

Иванға “Астанадағы” жағдай көңіліне қонған сынайлы. Сол себепті ол тағы бір маусым ел біріншілігінде бақ сынап көруді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта Бабаян баптайтын ұжым босниялыққа жаңа келісім шарт ұсынуы керек деп күтілуде.

Айтпақшы, Башич Премьердегі ең қымбат ойыншылардың үштігіне кіреді. Трансфер құны 1,2 млн еуроны құрайтын хавбэк “Қайраттағы” Валерий Громыкомен бірге 2 және 3 орынды бөлісуде. Ал көшбасын беларустың командаласы Дастан Сәтпаев бастап тұр (1,80 млн). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×