АСТАНА" ФК-НІҢ ЕУРОПА КЛУБТАРЫНА АУЫСУЫ МҮМКІН ТОП-5 ОЙЫНШЫЛАРЫ

11.11.2015, 18:32
АСТАНА" ФК-НІҢ ЕУРОПА КЛУБТАРЫНА АУЫСУЫ МҮМКІН ТОП-5 ОЙЫНШЫЛАРЫ
Осы маусымда елордалық "Астана" ФК ауыз толтырарлық жетістіктерге жетті.Ел чемпиондары маусым басында суперкубокты қанжығаларына байласа,күз басында қазақ клубтарының арманына айналған Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты және жақында ғана екінші мәрте ел чемпионатында топ жарды.Міне,осы орайда "Аладоп" сіздердің назарларыңызға "Астананың" Еуропа жасыл алаңдарынан көріп қалуымыз мүмкін ТОП-5 ойыншысын ұсынады. 5.БАУЫРЖАН ЖОЛШИЕВ Бұл ойыншы ел біріншілігінде де, ЧЛ-да да негізгі құрамда шығып жүр."Астананың" топтық кезеңге шығуына өз септігін тигізді.Жоғарғы жылдамдықты,сұңғақ бойлы Жолшиевті басқа біріншіліктен көріп қалуымыз ғажап емес.Бірақ Бауыржанның ара-тұра қасақана тәртіпсіздік жасайтын қызуқанды мінезі бар.Әрине,бұл орынға Патрик Твумасиді де қойсақ болар еді,бірақ ганалықтың жасын және Бауыржанның тәжірибесін ескеретін болсақ,бұл орынға Жолшиев әбден лайықты. 4.РОХЕР КАНЬЯС Колумбиялықтың еурододаның топтық кезеңіне қатысып отырғаны биыл емес.Осыдан 2 жыл бұрын "Шахтёр" сапында Еуропа лигасының топтық кезеңінде Каньястің өнер көрсеткенін жанкүйерлер "беске" біледі.Бойымен қатар аяғы да ұзын,соққысы да "зілмендей" Каньяс биылғы маусымда ел біріншілігінде 8 доп,ЧЛ да 2 доп соқты.Оған қоса,аяғының ұзындығының арқасында кез-келген қарсыластан допты тартып ала біледі.Рохердің осы еңбегін бағалай отырып,Еуропада доп тебуге оны әбен лайықты деп білдік. 3.ДМИТРИЙ ШОМКО Қапталдағы қорғаушының қызметіндегі Дима клубта ғана емес,Ұлттық құрамда да жетекші рөл атқарады.Қорғаныста ғана емес,шабуылда да табандылығымен танылған Шомконың "тау қопарар" жойқын соққысы тағы бар.Содан болар,соңғы кездері жұрт оны "Қазақстандық Роберто Карлос" деп атап кеткен жайы бар.Сыбыстар бойынша үйдегі "Атлетикомен" болған ойында оның өнерін Ресейлік 3 клубтың өкілдері тамашалапты.Сондықтан да,Шомконың қысқы трансферде клуб ауыстыруы әбден мүмкін. 2.ГЕОРГИЙ ЖУКОВ Қазақстанда туылған,Бельгияда қанаты қатайған,ұлты орыс Георгий былтыр Қазақстан азаматтығын алған болатын.Жастар құрамасында 1 және Ұлттық құрама сапында 2 жолдастық кездесуге қатысқан Жуков жақын арада өзінің Қазақстан үшін ойнағысы келмейтіндігін және Бельгия және Ресей ұлттық құрамасы сапынан шақырту күтетіндігін ашып айтты.Оның бұл ойының жүзеге асуы мүмкін.Себебі,жақын арада "ЦСКА" ФК өкілдері Жуковқа қызығушылық танытуда деген сыбыстар шықты.Әрине,бұл Жуков үшін жақсы мүмкіндік,өйткені "ЦСКА"да жүрсе,Ресей құрамасының бапкері Л.Слуцкийдің көзіне түсуге зор мүмкіндік туады. 1.НЕМАНЬЯ МАКСИМОВИЧ Міне,көптен күткен 1-ші орынға да келіп жеттік.Бұл орынға біз талантты жас серб жартылайқорғаушысы Неманья Максимовичті қоюды дұрыс деп таптық.Сербия жастар құрамасы капитаны көбіне баспен гол салғанды ұнатады.Жаз мезгілінде Жаңа Зеландияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Сербия жастар құрамасы сапында чемпион атанған Неманьяның құны 500 мың еуродан 2 млн еуроға бірден көтерілді.Жазғы трансфер кезінде-ақ оған "Гамбург","Базель" клубтары қызығушылық танытқан.Сол себепті де Неманьяны шетелдік белді клубтар қатарынан көруіміз мүмкін. Біз сіздерге "Астана" клубының жетістіктерін ескере отырып,өзге чемпионатқа кетуі мүмкін 5 ойыншының тізімін жасадық.Ал бұл футболшылардың кетуі немесе қалуы уақыт еншісінде.   Дайындаған: Бақдәулет Анарбаев  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×