«Астана» ФК сенсациясын жалғастыра ма, әлде осымен тойып қаламыз ба?

15.09.2015, 23:49
Бүгін, яғни 15 қыркүйек қазақ футболындағы тарихи сәтке куә болатын күнге де жеттік. «Астана» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы қадамын жасайды. Португалияға табан тіреген елордалық команда Лиссабон қаласында жергілікті «Бенфикамен» алаңға шығады. Болгариялық маман Станимир Стойловтан тәлім алатын жерлестеріміз бүгін кездесу өтетін «Эштадиу Да Луж» стадионында матч алдындағы жаттығуларын пысықтады. «Астана» сапында бұл ойынға шабуылшы Патрик Твумаси қатыса алмайды. Іріктеу кезеңінде «қызыл қағаз» алған футболшы алты кездесуге шеттетілген болатын. Сондай-ақ, «Астана» мен «Бенфика» арасындағы матч бүгін түнгі сағат 12:45- те өтеді. Айта кететін бір жағдай, «Астана» ФК УЕФА Чемпиондар Лигасындағы ең алыс шақырымды бағындырып, аты шулы турнирдің ең жас командаларының бірі болып саналады.
«Астана» ФК сенсациясын жалғастыра ма, әлде осымен тойып қаламыз ба?
 

Бүгін, яғни 15 қыркүйек қазақ футболындағы тарихи сәтке куә болатын күнге де жеттік. «Астана» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы қадамын жасайды. Португалияға табан тіреген елордалық команда Лиссабон қаласында жергілікті «Бенфикамен» алаңға шығады. Болгариялық маман Станимир Стойловтан тәлім алатын жерлестеріміз бүгін кездесу өтетін «Эштадиу Да Луж» стадионында матч алдындағы жаттығуларын пысықтады. «Астана» сапында бұл ойынға шабуылшы Патрик Твумаси қатыса алмайды. Іріктеу кезеңінде «қызыл қағаз» алған футболшы алты кездесуге шеттетілген болатын.  Сондай-ақ, «Астана» мен «Бенфика»  арасындағы матч бүгін түнгі сағат 12:45- те өтеді.

 Айта кететін бір жағдай, «Астана» ФК УЕФА Чемпиондар Лигасындағы ең алыс шақырымды бағындырып, аты шулы турнирдің ең жас командаларының бірі болып саналады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×