Елордалық “Астана” командасы ҚПЛ жаңа маусымдағы кездесулері “Хан-Тәңірі” клубының стадионында ойнатылмақ, деп жазады Аладоп.кз.
Бұл шешім “Астана Аренаның” қайта жөндеуге жабылуына байланысты қабылданып отыр. Спорттық нысан 2025 жылдың жаз айына дейін қолданысқа берілуі тиіс.
“Астана” ФК Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін 1 наурыз күні “Жеңіске” қарсы өткізбек.
Еске салайық, Бабаян шәкірттері ішкі біріншіліктің өткен маусымын 53 ұпаймен екінші орында аяқтаған болатын. Елордалық клуб пен ел чемпионы болған "Ордабасының" арасын 5 бөлді.
Біздің серіктес: FONBET