«Астана» футбол клубы хорватиялық «Риека» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасовпен еңбек келісімшартына қол қойды.
Томасов «Риека» командасынан бөлек, өз Отанында «Хайдук» және «Задр» командалары сапында өнер көрсеткен. Хорватиялық ойыншы Германия чемпионатының өкілі «Мюнхен-1860» командасы сапында 3 маусым өткізген. Және де соңғы маусымда Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасында жалда ойнаған.
Беделді transferm
arkt.de сайтының мәліметі бойынша Хорватия жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен ойыншының құны 2 миллион евроны құрайды. Томасов өз кезегінде Хорватия Ұлттық құрамасы сапында да бір ойын өткізген.
Марин 2015/2016 жылғы футбол маусымында Хорватия чемпионатында үздік асистент атанса, ел Кубогында үздік сұрмерген атанған болатын.
Қазақстанның үш дүркін чемпиондары хорватиялық ойыншы бір жылға жалға алды.