«Астана» футболшысы ресейлік клубпен келісімшартқа отырды

24.12.2020, 03:37
Маевскийдің елордалық клубпен келісімшарты аяқталды.
«Астана» футболшысы ресейлік клубпен келісімшартқа отырды

«Астана» клубы мен Беларуссия құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский бүгін, 23 желтоқсанда Ресейдің Премьер-лигасында ойнайтын «Ротормен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы журналист және инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

Бұл трансфер қаңтар айында, яғни Маевский жаңа командасына қосылған кезде ресми түрде хабарланатын болады. Маевскийдің «Астанамен» келісімшарты аяқталды.

Еске салайық, Премьер-лиганың осы маусымында жартылай қорғаушы «Астана» сапында 15 матч өткізіп, бір гол соқты, бір нәтижелі пас берді. 32 жастағы Маевский 2015 жылдан 2017 жылға дейін «Анжи» сапында ойнаған еді.

«Ротор» 19 турдан кейін 14 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×