«Астана» грузиялық шабуылшымен келіссөздер жүргізуде

02.02.2021, 03:25
Алексей Щеткин мен Дидар Жалмұқан «Астанадан» кеткендіктен, қазір командада бір ғана шабуылшы бар.
«Астана» грузиялық шабуылшымен келіссөздер жүргізуде

Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе жақын арада "Астананың" ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Ол Пиерос Сотириудың орнына келеді деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр, мәміленің ықтималдығы жоғары деп бағалануда, келісімшарт мерзімі - бір жыл. Лобжанидзе "Астананың" бас бапкері Андрей Тихоновқа ұнады, ол келесі маусымда грузин шабуылшысына сенім артуға дайын.

Шабуылшы Премьер-лиганың өткен маусымында "Қайсар" үшін 13 ойынға қатысып, жеті гол соқты.

Сондай-ақ, "Астана" Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткинмен қоштасқан болатын. Оған қоса, Пиерос Сотириу де жақын арада елордалық клубтан кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×