«Астана» қақпашысы Түркия чемпионатына ауысуы ықтимал

30.03.2025, 16:40

Қазақстан ұлттық құрамасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, ұлттық құрама мен «Астана» клубының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін.

«Астана» қақпашысы Түркия чемпионатына ауысуы ықтимал
Мұхаммеджан Сейсен

Белгілі журналистің айтуынша, түрік агенттері қақпашыға қызығушылық танытуда және бұл трансферге Бахтиер Зайнутдиновтің көмегі тиюі мүмкін екен. 

«Бахтиер Зайнутдиновтің көмегімен жақын арада Мұхаммеджан Сейсеннің Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат бар», – деді Е. Мәулен Fonteam YouTube-арнасының эфирінде.

Айта кетейік, Мұхаммеджан Сейсен Қазақстанның негізгі құрамында алғаш рет 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші турындағы Лихтенштейнге қарсы матчта алаңға шықты. Бұл кездесуде Әли Әлиевтің командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

26 жастағы қақпашы кәсіби мансабын 2018-жылы «Тараз» клубында бастаған. Кейіннен ол Шымкенттің «Ордабасы» командасында ойнап, Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғады. Қақпашының нарықтық бағасы 200 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×