«Астана» қаржылай қиындықтары туралы айтты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
26.09.2024, 12:32

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян клубтың қаржылай қиындықтарға тап болғанын мәлімдеді.

«Астана» қаржылай қиындықтары туралы айтты
«Елімай» - «Астана» кездесуі

Елордалық ұжымда логистика тұрғысында мәселелер бар. 

«Қазір қолайлы жағдайдамыз, алайда қаржылай қиындықтарға байланысты сырт алаңдағы матчтарға чартерлік рейстермен ұшудың мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты біраз қиындықтар бар. Осыған дейін Стамбулға дейін жетіп, ары қарай мүмкіндігінше чартерлік рейспен ұшып жүрдік. Бұлай істеу ыңғайсыз, бірақ амал жоқ», - деді Г. Бабаян. 

Айта кетейік, «Астана» кеше Лига Кубогі жолындағы турнирдің финалына шықты. Елордалықтар тартысты жартылай финалда «Елімайдан» басым түсіп, Лига Кубогі үшін «Жеңіспен» таласады. Сондай-ақ, Григорий Бабаянның шәкірттері  Қазақстан намысын Конференция Лигасында қорғайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 6
Серіктес жаңалықтары
×