"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры қарсаңында "Астананы" қабылдады. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтіп, 0:2 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды.
"Астана" ойын бастала салысымен, гол соғуды көздеді. Бұл әрекеті 9-минутта өз нәтижесін беріп, Марин Томасовтың жасаған соққысы "Ақтөбе" қақпасында тулады. Ал жарақат алып қалған Исламбек Қуаттың орнына шыққан Валерий Чуперка 27-минутта айып алаңының сыртынан керемет соққы жасап, есепті еселеді. Бұл осы ойындағы соңғы гол болды.
Тоғыз матч бойы жеңілістің дәмін татпаған Андрей Тихонов шәкірттері 23 ұпаймен алғашқы орында тұр. 9 ұпайы бар "Ақтөбе" оныншы орынға сырғыды.
Біздің серіктес: FONBET