«Астана» клубы бас бапкерге қатысты мәлімдеме жасады

22.10.2021, 19:33
Тихонов қазір командамен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізуде дейді клубтың баспасөз қызметі.
«Астана» клубы бас бапкерге қатысты мәлімдеме жасады

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында "Астана" клубы мен бас бапкер Андрей Тихоновтың арасындағы келісім-шарттың тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Астана" клубының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Команда жаттығу процесін және Қазақстан чемпионаты мен кубогіндегі ойындарға дайындықты тұрақты режимде жалғастыруда.

Сондай-ақ клуб сербиялық маман Срджан Благоевичпен келіссөздердің жүргізілгені туралы қауесеттерді де жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×