«Астана» клубы Давид Лорияны қызметінен босатып, жаңа директор тағайындады

19.08.2021, 00:58
60 жастағы функционер бұған дейін футбол саласында жұмыс істемеген.
«Астана» клубы Давид Лорияны қызметінен босатып, жаңа директор тағайындады

Тастанбек Есентаев «Астана» бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл жайлы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

60 жастағы функционер жақында ғана «Астана» кәсіби спорт клубының бас директоры болып тағайындалған еді. Жақында ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің дене шынықтыру орталығын басқарды. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының кикбоксинг және жекпе-жек қауымдастығының вице-президенті, кикбоксингтен халықаралық санаттағы төреші болып саналады.

Естеріңізде болса, бұған дейін «Астана» клубының директоры болып Давид Лория тер төккен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×