«Астана» клубы Томасовтың клубтан кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

16.10.2021, 00:10
Марин осы қыста клубтан кетуі мүмкін деген ақпараттар шыққан еді.
«Астана» клубы Томасовтың клубтан кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

"Астана" клубы соңғы кездері әлеуметтік желілерде талқыға түскен Марин Томасовтың клубтан кетуі туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаы.

"Бірқатар БАҚ-та "Астананың" жартылай қорғаушысы Марин Томасов және 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша негізгі құрам футболшыларымен еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Астана" футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді: Марин Томасов пен ойыншылардың астаналық клубпен келісім-шарттары әлі де күшінде. Жаттықтырушылар штабы футболшылармен бірге жұмысын жалғастырып, Қазақстан чемпионатындағы матчтарға дайындалып жатыр", - делінген клубтың хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×