“Астана” клубы жазғы трансферлер жайлы мәлімдеме жасады

12.07.2025, 13:30

"Астана" футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов клубтың жазғы трансферлік жұмыстарына қатысты пікір білдірді. Клуб сапына әзірге Босниялық Иван Башич пен Черногориялық Дритон Цамай қосылған.

“Астана” клубы жазғы трансферлер жайлы мәлімдеме жасады

"Жазғы трансферлік терезе әрдайым команда құрамын күшейтуге және алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған салмақты әрі стратегиялық шешімдерді талап етеді.

Біз Арман Кенесовке, Ннамди Аханону мен Эльхан Астановқа клубтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Олар тұрақты ойын тәжірибесіне ие болу және әрі қарай дамуы үшін жалға берілді. Бұл үш ойыншы да клубымыздың толыққанды мүшесі болып қала береді және біз олардың дамуларын мұқият қадағалап отырмыз."

Сонымен қатар клуб басшысы жаңа ойыншылар туралы да пікір білдірді:

"Астана" сапына қосылған Иван Башич пен Дритон Цамайды қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл жақсы әлеуеті бар, жоғары деңгейдегі футболшылар. Олар командаға өздерінің позициялары бойынша нақты күш әкеле алады деп сенеміз. Жаңа ойыншылар тез бейімделіп, маусымның қалған бөлігінде пайдалы боларына сеніміміз мол.” деп қорытындылады Бекенов елордалық клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×