«Астана» клубынан ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

10.11.2021, 22:51
Күдікке «Астана» клубының бұрынғы директорлары ілініп отыр.
«Астана» клубынан ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда «Астана» футбол клубынан ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іc ресейлік футбол функционері Дмитрий Васильевтің өтініші бойынша қозғалған, деп хабарлайды «Мутко против» телеграм арнасы.

Тергеу мәліметінше, ақша 2018 жылдан 2021 жылға дейін жалған агенттік келісімдер жасау арқылы ұрланған. Әңгіме бес ойыншымен (Исламбек Қуат, Валерий Чуперка, Семир Смайлагич, Лопес Фернандес Энрике, Фатос Бечирай), сондай-ақ команданың бас бапкері Андрей Тихоновпен жасалған келісім-шарт туралы болып отыр. «Астананың» бас директоры Михаил Гурман мен бұрынғы атқарушы директор Давид Лория күдікке ілінген.

30 қазанда сот клубтың қаржылық құжаттарын, соның ішінде барлық бухгалтерияны тәркілеу туралы шешім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×