«Астана» команда капитанымен келісім-шартты ұзартты

21.12.2021, 23:53
Команда капитаны үшін 2021 жылғы маусым сәтті өтті.
«Астана» команда капитанымен келісім-шартты ұзартты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков «Астана» командасында ойнауын жалғастыра бермек. 29 жастағы футболшы екі жылдық келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Абзал – «Астана» жейдесінде ең көп ойын өткізген футболшы. Команда құрамында 338 ойынға қатысып, 14 гол мен 24 нәтижелі пастың авторы атанды.

Команда капитаны үшін 2021 жылғы маусым сәтті өтті. Абзал барлық матчта дерлік жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетті. Елордалық клуб үшін бас-аяғы 34 ойын өткізіп, 5 гол соқты, 4 нәтижелі пасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×