“Астана” командасының экс-қорғаушысы Беларусь құрамасының бапкерлік штабына кірді

39 жастағы Игорь Шитов Виктор Гончаренко бастаған құрамаға бапкердің көмекшісі болып тағайындалды.

“Астана” командасының экс-қорғаушысы Беларусь құрамасының бапкерлік штабына кірді

Шитов - минскілік "Динамо" командасының түлегі. Ол әр жылдары “Торпедо-БелАЗ”, БАТЭ, мәскеулік “Динамо”, “Мордовия”, “Астана” клубтарында өнер көрсетті. Өзінің ел құрамасы сапында Игорь 66 ойын өткізіп, 1 голдық көрсеткішімен көзге түсті.

Тренерлік сарынға Шитов 2022 жылы қосылды. Алғашында ресейлік “Краснодарда” еңбек еткен маман, кейінірек Беларусия құрамасының жастарын жаттықтырды. 

Айта кетейік, Қазақстанда болған уақытында Шитов “Астана” командасымен ел чемпионатын 3 рет, ел Кубогын 1 рет жеңді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×