“Астана” командасының легионерлері өз құрамаларындағы матчтарын аяқтады

28.03.2024, 21:11

“Астана” ойыншылары: Усман Камара, Кипрас Кажуколовас және Макс Эбонг өз құрамаларындағы ойындарын өткізді, деп жазады Аладоп.кз.

“Астана” командасының легионерлері өз құрамаларындағы матчтарын аяқтады

Гвинея – Бермуд аралы – 5:1

Голдар: Морлайе Силла 11, 47, Канде Диавара 52, Жюль Кейта 61, Мамаду Кане 70 – Данте Леверок 15

Гвинея – Вануату – 5:1

Голдар: Морлайе Силла 9 (пен), 62, Канде Диавара 10, Усман Камара 19, Мамаду Кане 40 (пен), 56

Усман Камара Гвинея ұлттық құрамасының қос ойнында да көзге түсті. Ол Бермуд аралдары мен Вануату ұжымдарына қарсы матчта бір гол мен бір голдық пас берді. 

Литва – Гибралтар – 1:0 (ортақ есеп – 2:0)

Гол: Федор Черных 50

Кипрас Кажуколовас Гибралтарға қарсы қарымта ойында алаңға шықты. Ол ел құрамасының қонаққа барғандағы кездесуін қосалқы құрамда тамашалаған болатын. Аталған ұжымды қос матч қорытындысы бойынша жеңген Литва Ұлттар Лигасының С дивизионындағы орнын сақтап қалды. 

Черногория – Беларусь – 2:0

Голдар: Адам Марушич 27, Никола Крестович 45

Мальта – Беларус – 0:0

Макс Эбонг Беларус құрамасының наурыз айына жоспарланған барлық кездесуінде төбе көрсетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×