“Астана” командасының УЕФА рейтингісіндегі орны белгілі болды

Биылғы еурокубоктік турнирлерде сәтте өнер көрсетіп келе жатқан қазақстандық ұжым УЕФА-дағы позициясын жақсартты.

“Астана” командасының УЕФА рейтингісіндегі орны белгілі болды

Еліміздің ең титулды ұжымы Конференция Лигасындағы кездесулерден кейін рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 142 орынға жайғасты. 

Елордалық ұжым бұл көрсеткіш бойынша бұрынғы совет одағы мемлекеттері ұжымдары   арасында топ-10 команда тізіміне кірді.

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің УЕФА қауымдастығындағы үздік командалар тізімі: 

“Шахтер” (Украина) – 50 орын ортақ рейтингте 

“Карабах” (Әзербайжан) – 65

“Шериф” (Молдова) – 88

“Динамо” (Киев, Украина) – 115

“Жальгирис” (Литва) – 125

“Заря” (Украина) – 128

“Спартак” (Ресей) – 129

“Астана” (Қазақстан) – 142

“Днепр-1” (Украина) – 143

“Пюник” (Армения) – 145

Үшінші жыл еурокубоктік ойындардан шеттетілген ресейлік “Спартак” клубын елордалық команда қуып жетерліктей мүмкіндігі бар. Алайда ол үшін Бабаян шәкірттері швейцариялық “Лозаннаны” жеңіп, Конференция Лигасының топтық кезеңіне өтуі тиіс. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×