“Астана” Конференция Лигасының ойынын басқа қалаға ауыстырады

02.08.2024, 17:52

Елордалық “Астана” Конференция Лигасының өз алаңындағы кездесуін басқа қалада өткізуі мүмкін, - деп жазады Meta-ratings.kz.

“Астана” Конференция Лигасының ойынын басқа қалаға ауыстырады

Бабаян шәкірттерінің “Корвинулға” қарсы ойыны 15 тамызға жоспарланған. Алайда ол уақытта Алматының Орталық стадионы бос емес. Себебі өрт қауіпсіздік қызметкерлері сонда жарыс ұйымдастырады.

Отандық команда бұл мәселенің шешімі ойынды басқа қалада өткізу дейді. “Астана” Алматыдан бөлек, кездесуді Қостанай мен Ақтөбеде қабылдау жайында УЕФАға хат жолдап көрмекші. Егерде ол болмаса матчты басқа уақытқа ауыстыру жайында өтініш қарастырылады. 

15 тамызда өтуі тиіс ойын бір күнге ерте басталып кетуі мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Астана
Серіктес жаңалықтары
×